Меню KDT
МЕНЮ
Пн-Пт 07:30-18:00
Астана қаласы, Нұра ауданы, Мақсұт Нәрікбаев көшесі, 3
shkola7979@mail.ru

 

«Адал Ұрпақ» мектеп клубынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекетке дейін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёты басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёты басталды.

Слёттің мақсаты қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне назар аудара отырып, оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік»  төзімділікті қалыптастыру болып табылады.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының мектептері арасында келесі номинациялар бойынша конкурстар өтеді:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы "Тик-Ток" қосымшасындағы үздік ролик;
  2. "Адал еңбек-жарқын өмір" тақырыбындағы үздік сурет;
  3. "Адал ұрпақ - Қоғамдық тәртіп негізі"тақырыбындағы үздік презентация;
  4. "Адал ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбына үздік бейнеролик.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті аяқталғаннан кейін байқау номинацияларындағы жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталады.

«Адал ұрпақ» ерікті клубтарының жиыны жыл сайын өткізіледі және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытуға және оқушылардың бойында парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – жалпыға ортақ іс.

07.10.2021
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь







Пайдалы сілтемелер