Меню KDT
МЕНЮ
Пн-Пт 07:30-18:00
Астана қаласы, Нұра ауданы, Мақсұт Нәрікбаев көшесі, 3
shkola7979@mail.ru

Педагогтің бос орнына конкурс жариялау

    1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

              - жоғары немесе арнайы орта педагогикалық білімі;

              - оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-педагогтың біліктілік санаты (болған жағдайда)

    2. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 
    3. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары  10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

   2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

   3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

   5)   Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

   7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

   8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

   9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

   10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
     
       1. Бос лауазымының мерзімі – еңбек шартына сәйкес.

Ескерту: Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары  109 тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

         Осы лауазымға орналасқан адамға көтерме ақы төленуі, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілуі «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес жергілікті атқару органымен қарастырылатын болады.







Пайдалы сілтемелер