Меню KDT
МЕНЮ
Пн-Пт 07:30-18:00
Астана қаласы, Нұра ауданы, Мақсұт Нәрікбаев көшесі, 3
shkola7979@mail.ru

1- қыркүйек – Білім күні

1- қыркүйек – Білім күні
01.09.15ж. - №79 мектеп-лицейімізде Білім күні мен мектебіміздің ашылуына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын мемлекеттік тудың енгізілуімен және мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні - "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбына арналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл мерекелері білім күнін өткізудің негіздемелері болып табылады.

Жиынымыздың басты қонақтары – Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев және Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиева. Мереке барысында әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Менің Отаным - Қазақстан» кітабын сыйға тарту етілді.Алғашқы сөз кезегі мектеп-лицейміздің директоры Бақыт Кәденқызы Молдакашеваға ұсынылды. Бақыт Кәденқызы жиылған қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бүгін ашылып отырған білім ордамызға жаңа аттағалы отырған оқушылардың қадамдарына сәттілік тіледі және құттықтау сөз кезектері мерекеміздің құрметті қонақтарына берілді. Білім ордасын ашу құрметі Ермек Әмірханұлына табысталды.

01.09.2015
0

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер