«Тілге құрмет – елге құрмет»
21.09.15ж. – мектепшілік Қазақстан халқы тілдерінің «Тілге құрмет – елге құрмет» атты XVII қалалық фестивалінің жабылу салтанаты өтті.
Тіл –адам болмысының айнасы. Сөз арқылы адамның ақыл-ойы, мінез-құлығы, жалпы, рухани жан-дүниесі танылады.Тіл-адамның барлық саналы әрекетінің құралы: оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып қалыптасуына тіл маңызды рөл атқарады десек, осы орайда атқарылып жатқан игі істер жетерлік.

Мектебімізде «Тілге құрмет – елге құрмет» айдарымен қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі, бастауыш сыныптар бірлестіктерінің ұйымдастыруымен айлық жоспар құрылды. Мектеп дәлізінде осы тақырыппен қабырға бұрыштары шығарылды. №79 мектеп-лицейінде фестиваль барысында атқарылған шараларды қорытындылау мақсатымен сайыс ұйымдастырылып, 5-11сыныптар әр ұлттың мәдениетімен, өнерімен, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Әділқазылар алқасы сайланып, оқушылардың өнері бағаланды. Әділқазылар алқасының құрамы:
Директордың ОІЖ орынбасары – Г.С. Әубәкір
Директордың ҒІЖ орынбасары – А.А. Тоқтамысова
Директордың ШІЖ орынбасары – А.Т. Омарова
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Ж.С. Құрмантай
Сайыстың мақсаты: оқушыларды, көрермендерді барлық ұлттың тілімен, дінімен, мәдениетімен таныстыру, бар ұлттың тілін білуге, құрметтеуге шақыру.
Шараның қорытынды бөлімінде сайыстың жеңімпаздары анықталып, фестиваль аясында белсенділік танытқан оқушыларға мадақтау қағаздары, арнайы сыйлықтар табыс етілді.