«Кітапханаға саяхат» тақырыбында №79 мектеп-лицейінің кітапханасында іс-шара өткізілді. Бұл шараға қатысқандар саны:
1 «А» сыныбы – 15 оқушы
1 «Б» сыныбы – 16 оқушы
1 «В» сыныбы – 15 оқушы
2 «А» сыныбы – 22 оқушы
2 «Б» сыныбы – 9 оқушы.
Шараның мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын мектеп кітапханасымен таныстыру,әдеби кітаптар, газет-журналдарды насихаттау. Оқушыларды рухани дамуға, жан дүниесін байытуға шақыру.
Сондай-ақ оқушыларға кітапханада қандай бөлімдер бар екені айтылды. Оқушылардың құрметіне «Ертегілер әлемі» атты көрме дайындалды. Көрмеде «Мумиелер», «Балаларым - бақытым», «Корей елінің халық ертегілері», «Қаңбақ шал», «Адам ағзасына сиқырлы саяхат», «Біреуге ор қазба», Хайуанаттар туралы ертегілер, «Мегеш», «Украиндық халық ертегілері», «Алдар көсе», т.б. көптеген ертегі кітаптар қойылды.
№79 МЛ кітапханашысы: А.М. Жакупова.



