Желтоқсанның 22 күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі 2021 жылының спорттық қорытындысын шығарды. Каратэ-додан «Үздік спортшы» аталымында 6 "Б" сынып оқушысы Рахманқұл Алдияр жеңімпаз атанды. 2021 жылы Алдияр тамаша нәтиже көрсетіп, каратэден Әлем Кубогының, Қазақстан Чемпионатының, Республикалық және қалалық турнирлердің чемпионы және жүлдегері атанды.

