«Үздік Аяз ата мен Ақшақар бейнесі»
Өткізілу орны: №79 мектеп-лицейі
Өткізілу мерзімі: 29 желтоқсан 2022 жыл
Өткізілу уақыты: І ауысым 07:00- 13:00
ІІ ауысым 14:00- 17:00
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары
Ережесі: Сайыс келесі кезеңдер бойынша өткізіледі.
1. 2022 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 07:00-де мектептің кіре беріс дәлізінде барлық сыныптардың Аяз аталары мен Ақшақарлары қарсы алу рәсіміне қатысып, белсенділік көрсетулері міндеттелінеді. Қатыспаған, кешіккен қатысушылардың ұпай сандары шегеріледі.
2. Аяз аталар мен Ақшақарлар арнайы бекітілген бастауыш сыныптарға барып, мерекелік көңіл-күй сыйлап, оқушылармен ойындар ойнатулары қажет.
Бағалау критерилері:
1. Сырт келбеті, киім үлгісі
2. Креативтілігі
3. Оқушылармен, ұстаздармен байланысы
4. Кезеңдер бойынша жиналған қарлар саны бойынша қорытынды ұпай саны есептелініп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады.
https://www.instagram.com/p/Cmgd5QpoukJ/?utm_source=ig_web_copy_link