23.02.19 күні, №79 мектеп-лицейінде Лессон стади (сабақты зерттеу тәсілі) бойынша №22, №30, №41, №79 мектеп ұстаздарының қоғамдастық бірлестігінің тақырыптық жоспарына сай "Спиральді оқытудың тиімді жақтары" атты іс-шара өткізілді. Мектеп ұжымы 6 топқа бөлініп, өз тақырыптары бойынша сабақтар жүргізді. Ұстаз шеберлігі мен оқушы әрекеті тығыз байланыста екенін осы сабақтардан бақыладық. Сабақ өту барысында оқушылардың белсенділігі және жоғары білім деңгейі анық байқалып отырды.

Оқу үйрену –тренингінің тақырыбы: Спиральді оқыту-сапалы нәтиже кепілі.
Оқу үйрену –тренингінің мақсаты: жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік беретін жаңа алған білімін алдынғы біліммен тығыз байланыстыра алатын тиімді әдістерді қолдана білу.
Оқу үйрену –тренингінің міндеттері:
- Тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып, кейде бір тоқсан аясында, кейде бірнеше тоқсанда;
- Тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғы деңгейге қарағанда анағұрлым тереңдетіліп оқытылуы тиіс;
Деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отырады.