Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты» акциясы 2019 жылдың 9-13 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтанқаласы әкімдігінің "№ 79 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3-9 сыныптар оқушыларының қатысуымен өткізілді. Оқушылар қолданбалы бағдарламалау hourofcode.kz сайтында кодтық бағдарламалау бойынша ойын ойнады. Оқушылар берілген бөлімдерін сәтті аяқтап, сертификаттар алды.
Акцияның мақсаты - оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру.