2020 дың 31-қаңтарында 79 мектеп-лицейдің 6- 7 сынып оқушыларына Семей өңірінен қонаққа келген Абайдың «Жидебай –Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби –мемориалдық қорық-музейінде тарих пәні мұғалімі -Тулеева Гаухар Тұрлыбековна Абай Құнанбаевтың -175 жылдығына орай саяхат сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушылармен тарих пәнінен өткізілген тақырыптарды пысықтау; «Мың рет естігенше –бір рет көрсет» ұстанымы арқылы Қазақ мәдениетінің негізін қалаушы –Абай құнанбаевтың өмірін, тарих пәнімен байланыстыру арқылы пәнге ынталандыру; Оқушылардың ғылым саласының қызметкерлермен, магистрлермен, докторанттармен сұрақ-жауап алысу арқылы ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында оқушылар көптеген көне жәдігерлермен танысты. Абайдың өзі ұстаған шағын үш ішекті домбырасын, араб тілінде жазылған кітаптарын, сондай-ақ өзі пайдаланған ыдыс-аяқтарын көрді. Оқушыларға саяхат сабағы ұнады. Стандарттан тыс өткізілген оқушыларға көтеріңкі –көңіл күй сыйлады, олардың танымдық қабілеттеріннің артуына, тәрбиелік мәні зор сабақ болды. Орталық әкімшілігі -оқушылардың көздеріндегі қуанышты, көтеріңкі көңіл күйді, қызығушылықты ескере, ғылыммен айналысу мақсатында алдағы уақытта да байланысты жалғастыруды ұсынды.



