Меню KDT
МЕНЮ
Пн-Пт 07:30-18:00
Город Астана, район Нура, улица Максута Нарикбаева, 3
shkola7979@mail.ru

 

Менің әлемім – менің отбасым

Өзін-өзі тану онкүндігі жоспары бойынша 2-3 сыныптар аралығында 10.02.2021 ж. күні «Менің әлемім – менің отбасым» тақырыбында отбасылық викторина өткізілді.

Өзін-өзі тану онкүндігі жоспары бойынша 2-3 сыныптар аралығында 10.02.2021 ж. күні «Менің әлемім – менің отбасым» тақырыбында отбасылық викторина өткізілді. Аталмыш викторинаға мектебіміздің 12 ата-аналары балаларымен бірге қатысты. Викторина екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде адамгершілікке, отбасы құндылықтарға байланысты сұрақ-жауап, ал екінші кезеңде жартылай жазылған мақал-мәтелдерді толықтыру тапсырмалары берілді. Барлық сыныптан қатысқан ата-аналар да, балалар да өздерінің тапқырлығы мен біліктілігін көрсетіп, іс-шараға белсенді түрде қызығушылығын танытты. Қорытындылау кезеңінде ұймдастырушыларға викторинаның қызықты өткенін, осындай ата-ана мен балалар бірлесіп қатысатын іс-шаралар көп болсын деген ұсыныстарын қалдырып, алғыс айтты.









10.02.2021
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь







Пайдалы сілтемелер