Меню KDT
МЕНЮ
Пн-Пт 07:30-18:00
Город Астана, район Нура, улица Максута Нарикбаева, 3
shkola7979@mail.ru

 

Менің құқықтарым мен міндеттерім

№79 мектеп-лицейінің жұмыс жоспарына сәйкес, осы ағымдағы жылдың 15 ақпаннан бастап 25 ақпанға  дейін құқықтық тәрбиенің онкүндігі бастау алды.

№79 мектеп-лицейінің жұмыс жоспарына сәйкес, осы ағымдағы жылдың 15 ақпаннан бастап 25 ақпанға дейін құқықтық тәрбиенің онкүндігі бастау алды.
Онкүндіктегі барлық жоспарланған іс-шаралардың мақсаты: мектептегі құқықтық тәрбие жүйесін дамыту, мектеп оқушыларында азаматтық жауапкершілік пен заңдылықты, мәдениетті, бастамашылдық пен дербестікті, қоғамда табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Құқықтық тәрбиенің онкүндігі 5 «Г» сыныбында өткен «Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты өте қызықты онлайн сынып сағатымен басталды. Онлайн сынып сағатына 5 «Г» сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.Р. Абдрахманова Қарағанды қаласының академик Е.А. Букетов атындағы мектеп оқушыларын қатысуға шақырды. Аталмыш іс-шараға 5 «В» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Р.М. Идрисова да қуана-қуана қатысты. Құқықтық тәрбиеге байланысты жоспарланған сынып сағаты өте сәтті өтті десе де болады. Сынып сағаты викториналық сұрақ-жауап ретінде өткізілді. Барлық оқушылар белсенділік танытып, мектеп оқушылары арасында бәсекелестік рухы сезілді. Қарағанды қаласының Е.А. Букетов атындағы мектеп директоры Т.М. Журакова №79 мектеп-лицейінің әкімшілігіне жемісті ынтымақтастықпен атқарылғаны жұмыстары үшін алғысын білдірді.











15.02.2021
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь







Пайдалы сілтемелер