Меню KDT
МЕНЮ
Пн-Пт 07:30-18:00
Город Астана, район Нура, улица Максута Нарикбаева, 3
shkola7979@mail.ru

 

«Көшбасшы» интеллектуалды ойыны

12.04.21  күні  «Қашықтықтан оқыту-заман талабы» бастауыш сынып онкүндігінің аясында 3-сыныптар арасында «Көшбасшы» интеллектуалды  ойыны өтті.

Мақсаты:  Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдету,  зияткерлік  қабілетін  дамыту.

12.04.21  күні  «Қашықтықтан оқыту-заман талабы» бастауыш сынып онкүндігінің аясында 3-сыныптар арасында «Көшбасшы» интеллектуалды  ойыны өтті.

Мақсаты:  Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдету,  зияткерлік  қабілетін  дамыту.

Ойын тәртібі:

Ойынға 6 адамнан  тұратын  3  топ  қатысады.Ойын  4  турдан  тұрады.

І тур. Білім  аукционы.  Экономикалық  ойынның  шартымен  оқушыларға  6  сұрақ  қойылады. Дұрыс  жауап  беру  арқылы  топ  өз  ақша  қорын  жинайды.

ІІ  тур . Эрудиттер  сайысы.  Топтар  оқу  бағдарламасынан  негізгі  ереже мен  түсініктерді  білу  бойынша  сайысады.

ІІІ тур.  Таңдау-табыс. Әрбір  топ  таңдаған  пәні  бойынша  берілген  тапсырманы  орындайды.

 

         Ойынға 3 «А», 3 «Ә»,3 «Ғ»,3 «Л», 3 «В»,3 «И», 3 «К», 3 «Д» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар 3-топқа бөлініп, әр топ өз аты  және  ұранымен  таныстырды.

«Болашақ» дарындылар тобы, «Эврика» тапқырлар тобы,«Асыл тас» білгірлер тобы.

Барлық ойыншыларымыз ат салысып қатыстып, өз білімдерің  көрсете білді.

Оқушылар үш топқа бөлініп, білік-дағдыларын сынады. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты.Ойын қорытындысы бойынша

1 орынға «Болашақ» дарындылар тобы;

2 орынға «Эврика» тапқырлар тобы ;

3 орынға «Асыл тас»    білгірлер тобы иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.

Ойын қызықты, тартымды және көңілді болды. Ойын  өте жақсы деңгейде өтті.





12.04.2021
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь







Пайдалы сілтемелер