№79 мектеп-лицейі бастауыш оқыту бірлестігінің «Қашықтықтан оқыту - заман талабы» онкүндігі кезеңінде 12.04.2021 жылы 1 «Ж» сыныбында математика пәнінен «Саудаға қатысты есептер» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Мұғалім - Аманкулова Мадина Абдраимовна, бастауыш сынып мұғалімі және Утегенова Улмекен Сергазиевна, ағылшын тілі мұғалімі.
Онкүндіктің мақсаты сабақ және іс-шаралардың қашықтық оқыту формалары арқылы оқу-тәрбие үдерісіне барлық оқушыны тарту болғандықтан оқушылардың қашықтықтан білім алу барысында математика пәнінен білімдерін тереңдету. Сабақ ағылшын тілі пәнімен кіріктірілді.
Сабақтың мақсаты:
-Саудаға қатысты есептер шығару;
-Есеп шығаруға қажетті сызба таңдау;
- Монеталарды үш тілде санау.
Сабақта оқушылар мәтіндерді салыстыра отырып, есепті таңдап алу; есепке сәйкес графикалық модельді таңдап алу; есепті шешу және жауабын айту жұмыстарын жасады. Сабақта оқушылар оқулықпен, дәптермен, компьютермен жұмыс жасады, есептер шығарды. Ойындар ойналды, миға шабуылға тапсырмалар берілді.
Сынып оқушылары қашықтықтан оқуды жақсы меңгерген, тақтамен жұмыс жасап компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана білді.