Меню KDT
МЕНЮ
Пн-Пт 07:30-18:00
Город Астана, район Нура, улица Максута Нарикбаева, 3
shkola7979@mail.ru

 

Болашақтың кілті-білімде

9.04 күні   3  сыныптар арасында  Болашақтың  кілті-білімде  атты интелектуалдық ойын өтті.

Мақсаты: 

  • ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту;
  • өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

9.04 күні   3  сыныптар арасында  Болашақтың  кілті-білімде  атты интелектуалдық ойын өтті.

Мақсаты: 

  • ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту;
  • өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру

Интелектуалды ойын 4 бөлімнен тұрады.

  • 1-бөлім: Бәйге
  • 2-бөлім: Тіл өнер
  • 3-бөлім: Көкпар
  • 4-бөлім: Жеті жұмбақ

Ойынға қатысушылар:

«Тұлпар» тобы

«Қыран»  тобы

Бәйге. Бұл кезеңде топтардың әрқайсысына 10 сұрақ қойылады. Әр берілген сұраққа оқушы тез және нақты жауап беру керек. Тез және дұрыс жауап берген топ 1 ұпай алады. Барлық сұрақтар саны – 10,  жалпы – 10 ұпай.

Әр кезең сайын топтың жинаған ұпай сандары есептеледі.

Тіл өнер. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. Осы кезеңде жұмбақтың жауабын үш тілде айту керек. Толық жауапқа 15 ұпай, екеуі 10 ұпай, біреуіне 5 ұпай.

Көкпар Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз топ бастайды. Бұл кезеңде топқа таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 топ қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі топ одан қалған пәндерді таңдайды т.с.с. Пән бойынша топ 5 сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады

Жеті жұмбақ  Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылады. Сайыскерлерге үш тақырып беріледі. Олар: Менің Отаным Қазақстан, Ұлы адамдар, Ертегілер, қызықты сұрақтар

     Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген топтың таңдау құқығы қасындағы сайыскерге бұйырады, ал ол дұрыс жауап бермеген жағдайда ұпай саны өзімізде қалады.

Сайыс қызықты, тартысты өтті. Балалар білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде «Қыран тобы » Оқ бойы озық шығып ,білімдерін дәлелдеді. 











11.04.2021
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь







Пайдалы сілтемелер